Басты бет Қоғам Аяғы ауыр әйелдерге арналған мобильді қосымша шығарылды — Денсаулық сақтау министрі

Аяғы ауыр әйелдерге арналған мобильді қосымша шығарылды — Денсаулық сақтау министрі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аяғы ауыр келіншектердің тіркеуге уақытында тұрмауына байланысты арнайы мобильді қосымша жасатты.

©Inform.kz

Мобильді қосымшаның атауы  — «Менің жүктілігім» («Моя беременность»). Оны ұялы телефонға тегін жүктеп алуға болады.

Қосымшада барлық танымдық мәліметтер бар. Құрсақтағы нәрестенің өсуіне қарай сан алуан ақыл-кеңестер шығып тұрады.

«Ал, ең бастысы, дәрігерге көріну қажеттігі жайында ескертулер жасалады. Сосын онлайн режимде дәрігерге сұрақ жолдап, жауап алуға болады. Алдағы уақытта қосымшаға рецепт беру және қабылдауға жазылу сияқты қызметтерді енгізуді көздейміз», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Айта кетейік, қосымша Қарағанды облысында пилоттық режимде іске қосылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version