Facebook суретті бөтен адамның жүктеп алуынан қорғайтын Photo Guard бағдарламасын шығарды

Бүгін Facebook әкімшілігі қолданушылардың суретін қорғайтын Photo Guard бағдарламасын таныстырды. 

Көрнекі сурет

Бағдарлама суретті өзге адамның жүктеп алуынан, басқа біреуді суретте белгілеуден, Android-смартфондардағы суретті скриншот жасап алудан қорғайды.

Бағдарламаны қолданатындардың профилінде суреттер арнайы көгілдір шеңбермен қоршалып тұрады.

Айта кетейік, бағдарлама әзірге тек Үндістанда ғана тесттік нұсқада жұмыс істеп тұр. Компания басшыларының айтуынша, Photo Guard толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпесе де, суреттерді көшіріп алу көрсеткішін 75 процентке азайтады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version