Шон Лаззерини мен Алехандро Камачо бокстан Еуропа чемпионатында бір-бірін нокдаунға жіберді

81 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы лицензиясын сарапқа саул үшін шаршы алаңда шотландиялық Шон Лаззерини мен испандық Алехандро Камачо Фернандес кездесті. Жеңіске ұмтылған боксшылар бір сәтте бір-біріне сәтті соққы жасады, алайда, екеуі де тепе-теңдігін ұстай алмай, нокдаунға бір мезетте кетті.

Төрешілер Лаззерини мен Фернандестің ұпай сандары мен әлемдік турнирдегі квотасын есептей келе, жеңісті Лаззериниге берді.