«ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында «Кремний алқабының» бұрышы ашылды

«ЭКСПО көрмесінен кейін де бұл орын жұмысын жалғастырады», – деді Дәурен Абаев.

«Кремний алқабының» бұрышында таныстырылған жобалар қоғам үшін қажет. Мәселен, әлеуметтік карта атты жаңа бағдарламаны IT мамандар қазір елорда тұрғындарына сынап көріп жатыр.

«ЭКСПО аясында Кремнилі алқап бұрышын ашып отырмыз. Біз осы арқылы әлемнің жетекші компанияларымен әріптестік диалог жүргізуді  жалғастырамыз. Бұл іске АҚШ-та сәуір айында жол ашылып, бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылған болатын»-деді «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жиенбаева.

Дереккөз24.kz