Басты бет Экономика Delta Bank 3 тамызға дейін депозит қабылдамайды

Delta Bank 3 тамызға дейін депозит қабылдамайды

Ұлттық банк Delta Bank-тің депозит қабылдау мен есеп шот ашуға арналған лицензиясын 3 тамызға дейін тоқтатты. 

 

«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 19 маусымындағы №103 шешіміне байланысты Delta Bank-тің депозит қабылдау мен жеке есеп шоттарын ашуға арналған лицензиясының жұмысы 2017 жылдың 21 маусымынан осы жылдың 3 тамызға дейін тоқтатылады»,- деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банктің бұндай шешім қабылдауына банк заңнамасының талаптарын бұзу мен ішкі бақылау жұмыстарының сапасыздығы себеп болған.

2017 жылдың 1 маусымындағы мәліметтерге сәйкес, Delta Bank-те жеке тұлғалардан қабылданған депозиттердің көлемі 0,3 млрд теңге, заңды тұлғалардыкі — 87,9 млрд теңгені құраған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version