Delta Bank 3 тамызға дейін депозит қабылдамайды

 

«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 19 маусымындағы №103 шешіміне байланысты Delta Bank-тің депозит қабылдау мен жеке есеп шоттарын ашуға арналған лицензиясының жұмысы 2017 жылдың 21 маусымынан осы жылдың 3 тамызға дейін тоқтатылады»,- деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банктің бұндай шешім қабылдауына банк заңнамасының талаптарын бұзу мен ішкі бақылау жұмыстарының сапасыздығы себеп болған.

2017 жылдың 1 маусымындағы мәліметтерге сәйкес, Delta Bank-те жеке тұлғалардан қабылданған депозиттердің көлемі 0,3 млрд теңге, заңды тұлғалардыкі — 87,9 млрд теңгені құраған.

ДереккөзKapital.kz