1000 жылдан кейін өзекті болатын идеялар (Фото)

The Daily Dot-тың жазуынша, ғаламтор пайдаланушылары айналадағы адамдар қолданып жүрген пайдасыз және арзан заттардың пайдалану жолдарын «3017 жылда өмір сүру» атауымен берген. Алғаш рет мұндай шешімді Twitter-дің @MyFavsTrash қолданушысы ұсынды. Ол қағаз қорапты таңертеңгі құрғақ асқа ыдыс ретінде пайдаланып, оның ішіне тіпте, сүт те құяды екен.

«Сіздер барлықтарыңыз 2017 жылда өмір сүрсеңіздер, мен 3017 жылдамын», — деп жазды ол.

Пайдаланушылардың ойынша, 3017 жылы сәнқойлар қуаттау құрылғыларының кабелін аяқ киімнің бауын байлау үшін қолданатын болады. Ал болашақтың тағы бір «ақылды» өкілдері классикалық костюмге спорттық киімдердің белгілерін пайдалану әдістерін ойлап табатыны анық.

Қуаттау құрылғысы

Балконды бассейнге айналдыру — бұл да алдағы мыңжылдық адамдарының қиялындағы идеялардың бірі.

Балкондағы бассейн

3017 жылда өмір сүретін адамдар жайлы әзілге Twitter-дің орыс тілді қолданушылары да үн қосты. Басылымның пікірінше, идеялардың көптігіне қарағанда адамзатты әсте жарқын болашақ күтіп тұр.

Ұшақтағы жолаушылар

ДереккөзLenta.ru