Басты бет Жаңалықтар «Smile Astana» аясында Астанада алып смайликтер орнатылады

«Smile Astana» аясында Астанада алып смайликтер орнатылады

Астанада қала күні қарсаңында алып сегіз смайллик орнатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

— «Smile Astana» жобасы аясында қала күні қарсаңында алып сегіз смайл шаһардың әр жерінде пайда болады. Қала тұрғындары мен қонақтары оның фонында суретке түсіп, өздерінің жайдарлы көңілін байқата алады, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қанәлімов.

Сондай-ақ, басқарма басшысы Қазақстанға келетін барлық қонақтарға деген ықыласы мен достық қарым-қатынасын дәріптеуге бағытталған жоба екенін айтты. Осылайша, ақжарқын, мейірімді адамдар бейнесі қалыптасады дейді.

— ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде Астанаға келетіндер саны көбейеді. Әрине тұрғындарға жағымды ғой, егер астаналықтар күліп қарсы алып тұрса, көмектессе, бұл біздің қонақжайлылығымызды танытады емес пе?! — дейді Е.Қанәлімов.

Естеріңізге саламыз, смайлдар Астанада аялдамаларда, тұрғын үй қасбеттерінде, ЭКСПО көрме кешенінде, жаяу жүргіншілер аумағында және қала асфальттарында пайда болды.

— Смайлдар барлық жерлерде қойылады. Бұл видеолар әлеуметтік желілердегі #ақжарқынастана, #smileastana хэштегтерімен жариялануда. Қазіргі уақытта бізде осы тақырыпта үш мыңнан астам жазбалар және суреттер тіркелген, — дейді Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version