Басты бет Жаңалықтар ЭКСПО көрмесінің алғашқы күні 100 жалған билет анықталды

ЭКСПО көрмесінің алғашқы күні 100 жалған билет анықталды

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің алғашқы аптасында 200-ден астам жалған билет анықталды. Оның 100 данасы алғашқы күні анықталса, екінші күні тағы да 70-тен астам жалған билетпен көрме аумағына кірмек болғандар ұсталған.

Сурет: informburo.kz

Бұл жөнінде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының Коммерциализация жөніндегі департамент директоры Дәулет Еркімбаев хабарлады.

— 9 күннің ішінде 200-ден астам жалған билетпен көрмеге кіруге әрекет еткендер анықталды. Олар билеттің ксерокс көшірмесін пайдаланған. Алайда әрбір билеттің өзіндік нөмірі мен коды болатындықтан, бір рет пайдаланылған билет екінші рет көрме аумағына кіруге жарамсыз. Пайдаланылған билетті автоматты жүйе бірден анықтайды, — деді.

Департамент директорының айтуынша, негізгі түпнұсқа билеттер Шымкент қаласынан сатып алынып, көшірмесі жасалған.

Айта кетерлігі, бұл күні ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне 1 500 000 билет өтті. Алғашқы аптада 200 мыңнан астам адам көрмеге келген. Алдын ала болжам бойынша көрме аяқталғанға дейін келіп-кететін адамдардың саны 2,5 миллион адамға жетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version