Халықаралық көрмеге келушілердің динамикасына тоқталған ол:
— Келушілердің саны күннен күнге артуда. 10 маусым күні көрмеге 17 мың, өткен жұма күні 34 мыңнан астам адам келді. Олар негізінен кешкі сағат 16:00-ден кейін келіп, бір қонақ күніне 5-6 нысанды көріп үлгереді, — деді.
Айта кетерлігі, көрме аумағында алғашқы аптада 281-ден астам ойын-сауық және іскерлік, 50-ден астам хаттамалық іс-шаралар өткізілген. Хаттамалық іс-шараларға мемлекет басшылары, министрлер және халықаралық павильондардың басшылары қатысқан.