Басты бет Жаңалықтар ОҚО-да бес жүзден астам талапкер 100-ден артық балл жинады

ОҚО-да бес жүзден астам талапкер 100-ден артық балл жинады

ҰБТ-ның алғашқы күнінде, 20 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында талапкерлер тестілеуден орташа көрсеткіш бойынша 72,3 балл жинады.

Түлектер. Фото: kstnews.kz

Өңір бойынша кеше 4 266 бітіруші тест тапсырды. Оның 514-і 100 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 137 балды Шымкент қаласы, «Болашақ» мектебінің оқушысы Исатай Біржан жинады. Ал, 136 балды Шымкент қаласы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Жолдасбекова Айгерім Дастанбекқызы жинап отыр.

Бірінші  күнгі сынақтың қорытындысы бойынша облыстағы орташа балл көрсеткіші:

Шымкент және Сайрам — 75,5 балл;

Қазығұрт — 74,3 балл;

Түлкібас — 72,7 балл;

Созақ — 70,6 балл;

Сарыағаш -70,4 балл;

Бәйдібек — 70,2 балл;

Мақтарал — 67,03 балды көрсетті.

Тестілеу кезінде ҰБТ қағидаты талаптарының бұзылуы орын алмаған.

ОҚО бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 сыныпты 32964 оқушы аяқтаса, оның 21668-і жоғары оқу орнына түсу үшін сынақ тапсыруға ниет білдірген. Яғни,78,2 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.

9 пікір

  1. Саламатсызба тест орталығы.Мен сіздерге қояр сұрағым неге осы кунге дейін дайындалған сұрағымыздың біреуіде келген жоқ.Осы уақытка дейін ҰТОға дайындық кітапшамызға біршама қаражаттар кетті неге соны ескермейді бұл ақша əркімнің отбасынан табыла бермейтің ақша?Биыл ҰТО өте қиын болды осы ҰТОның қиын болғанның арқасында көптеген жас жеткіншектер өз-өзің тастай салады көптеген СУИЦИ́Д көбейде.Мен Қызылорда қаласындағы жас түлекпін.20.06.2017ж болған Ұбтда неге əділ өткен жоқ ұялы телефонмен кіргендердің ұялы телефонмен ұсталғандарды неге тесттен шығарып жібермеді.Жəнеде естіп жатырмыз Қызылорда қаласының əкімінің баласы отқан 1паток 10 аудиторияның камерасын өшіріп тастаған жəне кезекші қатты қадаламаған орныңда отыра берген сол аудиторияда отқан менің сыныптсым шпормен көптеген сұрағының жауабын жазып алған көптеген оқушылар ұялы телефонмен өздерінің мұғалімдеріне тесттің сұрағын жіберу арқылы сұрақтарын белгілеген неге соның бəрі əкімнің баласы отқан аудиторияда болуы керек бұл үлкен МАСҚАРА ал бұған  Кенжеғали Əбенович Сағадиев неге көз жұма қарап отыр.Бұл тек байдын балдары тек қана жеңілдін астымен ауырдың үстінен жүруі керек деген ұғымды білдіредіме.Сіздерден өтініш Қызылорда қаласында ҰБТ ЛЕК 01 қайттан алынсыншы сіздерден үлкен өтініш

    • дурыс айтасы.Биздеде солай болды.Сотка колданғандар озды.Қолданбағандар қалды

  2. Сенің. Айтканвна 100 пайыз косылам ар өңірде осылай болды.сет устагандары сотка устагандары бакытты ал окып журген балдар оз оздерин таспап жиберди еш адил емес

  3. Осы ҰБТ-ның тіптен керегі жоқ. Балапандарымыздың жүйкелері сыр беріп жүр. Бөгде елге қарап солардыкіндей жасаймыз деп,балдарымыздан айырыламыз. Жастардың дөрекігілі,психикалық ауытқулары,өздері армандаған оқу орнына түсе алмағандықтары осыдан. Тестіілеуді алып тастаса ,бұрынғы емтиханды қайта енгізсе тітпен тамаша болар еді. Шет елдіктерден қалыспаймыз деп ,жас балдарымыздың өміріне балта шабамыз өзіміз. Осы тестсіз ақ қаншама ғалым ғұламалар ,проффессорлар,астроном-физиктер,инженер-құрастырушылар шықты ғой! Тіпті Қазақстанның тұңғыш президенті де кезінде емтихан тапсырған.Баллдары жетпей ,жүйкесі жұқарып оқуға түсе алмай қаншаа жастар жүр жұмыссыз. Болмаса байларға жалданып өлмес қамын жасап. Мүмкін болса емтиханды қайта енгізсе. Аз болсада қолдайтын адамдар бар шығар деп үміттенемін!

  4. 2016-2017 оқу жылында ҰБТ-ға қатысқан түлектердің ата-аналарынан

    ҮНДЕУ

    Біріншіден: 2016-2017 оқу жылының басында біздің балаларымызды жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындауда Қазақстан тарихын алып тастап,оны екінші тоқсанның аяғында қайта қостыңыздар. Осы уақытта біздің балалар Қазақстан тарихыннан қосымша дайындауда біраз уақыттарынан ұтылып қалды.

    Екіншіден: ҰБТ-ның жаңа форматының ережелері кешеуілдетіліп шығарылып, оған дағдыланудың өзіне бірнеше уақыт керек болды.

    Үшіншіден: ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша критерийлер білім беру мекемелеріне мамыр айында келіп, асығыс жасалғандықтан оған біздің оқушыларымыз дайын болмады.

    Бірінші мысал: Бір оқушы 51 ұпаймен шекті балдан асып, гранттық конкурсқа қатысады.
    Математикалық сауаттылық Қазақ тілі сауаттылық Қазақстан тарихы Биология Химия
    7 7 7 15 15

    Екінші мысал: Бір оқушы 110 ұпаймен шекті балды өтемей гранттық конкурсқа қатысуға мүмкіндігі жоқ . Бұл сонда қалай болғаны ?
    Математикалық сауаттылық Қазақ тілі сауаттылық Қазақстан тарихы Биология Химия
    19 19 19 39 14

    Біз ата-аналар таңдау пәндерінің 15 ұпайдық критерийлерін 10 немесе 12 ұпайға төмендетуді сұраймыз.

  5. Біз ата-аналармен сіздерден таундау пәндерінің 15 ұпайдан 10 ұпайға төмендетулерінізді өтініп сұраймыз

  6. Адал да арам да ең соңында өз сыбағасын алады! Неге оқыған далада қалады дейсіздер? Оқыдым дайындалдым 109 балл алдым ) Бір Алла көріп тұр бəрін

  7. Жоғары да айтылғандарға қосылам. таңдау пәндерінің біреуінің 15 ұпайдан 5 ұпайға түсіру керек

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version