ҚМДБ Қадір түнін дұрыс өткізу амалдарын ұсынды

Ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнін төмендегіше атқаруды үндейді:

1. Бұл түнде Алланың ризашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.

2. Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінуге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс.

3. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үммбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт.

4. Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең  тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуыға тиістіміз.

5. Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру  керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.

6. Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.

7. Алланы зікір етіп, пікір (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.

Ұлы Жаратушының ұшы қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын нәзік пікір (жақсы терең ойланып) етіп, иманымызды күшейтуіміз қажет.

8. Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер десек болады. Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр».

Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл мұсылмандардың күнәларының кешірілуін, Қадір түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын, елдің амандығын, көркеюін және күллі адамзатты апаттардан сақта уын тілеуіміз тиіс.

9. Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.

Қадір түнінде мына дұғаны оқу мустахаб: «Аллаһумма иннәкә ғафу’ун тухиббуль ғафуә, фәғфу анни!».

Мағынасы: «Уа Жаратушы ием! Сөзсіз Сен кешірімдісін әрі кешіруді жақсы көресін. Мені кешіре гөр! Айша анамыз Алланың Елшісінен: «Қадір түнінде не айтсам болады?», – деп сұрағанда, Ол ﷺ осы дұғаны айтуды кеңес еткен[Әл-Хаким, әл-мүстәдрак –779-баб/№1985-хадис]. 

ДереккөзMuftyat.kz