Батыс Сібір арқылы циклондардың көшуіне байланысты Қазақстан аумағының кей жерлердіне өткінші жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауылды желдің күші 15-25 м/с болады.
Республиканың батысы мен солтүстігінде ғана ауа температурасы нормадан төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақтарда күн ысиды. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде алдағы тәуліктерде өте ыстық болады. Күндізгі ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС-қа жетеді болжануда.