Басты бет Қоғам Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы өседі – Тамара Дүйсенова

Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы өседі – Тамара Дүйсенова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова халық алдында есеп беру кездесуiнде еңбекақы төлеудiң жаңа моделiн енгiзілгенін айтты.

«Бiз азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң жаңа моделiн енгiздiк. Оның негiзiнде дәрiгерлердiң еңбекақысы орташа есеппен 18 пайызға, мұғалiмдердiң еңбекақысы 29 пайызға, ал әлеуметтiк саланың басқа қызметкерлерiнiң еңбекақысы 35 пайызға артады. Жалпы бiз еңбекақының орташа мөлшерi бойынша ТМД мемлекеттерiнiң арасында екiншi орындамыз», — дедi Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, өңiрлерге аз қамтылған азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету үшiн республикалық бюджеттен трансферт түрiнде қосымша 7 млрд астам қаржы бөлiнiп, жұмсалды. Сонымен қатар, биылғы жылы әлеуметтiк саланы түбегейлi өзгерiстер күтiп тұр. Мәселен, елдiң еңбек нарығы толығымен жаңғыртылмақ.

6 пікір

  1. Мұғалімдер мен дәрігерлерге біліктілігі мен халыққа сіңірген енбегі мен қызыметіне қарай еңбек ақысын көтерсе болады.Қазіргі коорупция жайлған заманда екінің бірі » нағыз» мұғалім, дәрігер емес .Білімді сатады,дәрігерлер алдына барған ауру адамды дурыс емдемейді.

  2. Қазіргі біздің коорупция жайлаған мемлекетімізде екінің бірі «нағыз»мұғалім ,дәрігерлер емес.Білітілігі мен біліміне сай,халыққа енбегі сіңген дәрігерлердің , мұғалімдердің жалақысын көтерсе болады.Өтрік емес ,қәзір мұғалімдер дұрыс баланы оқытпайды білімді сатады,дәрігерлер алдына келген ауру адамды дұрыс емдей алмайды.

  3. ЖОО-ның оқытушы ұстаздарының жалақысы туралы айтылмапты және мектеп мұғалімінің категориясыз негізгі жалақысы өте төмен емес пе 25-30 мың теңгенің аралығында ғой. 7-8 мың теңге ғана қосылады деген сөз ғой бұл.

  4. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ осы маман иелері тығып ақша алуды қоймай тұр ғой. Ақша беермесең дұрыс қарамайды.

  5. Мүмкін жалақыны көтерсе 100-150 аралықта болса ешқандай мұғалімде, дәрігерлерде пара алмайтын шығар деп ойлаймын. Немесе үйренген қол алғысы келіп тұратын шығар кі
    м білсің!!!!!!!!!!!!!!!!!!»»»

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version