Құрылтай барысында шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, басқа да көмек көрсету, шетелдік жастарды Қазақстанға білім алуға шақыру сынды мәселелер талқыланатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы құрылтайға шақырылғандардың басым көпшілігі — әртүрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген шетелдік қазақ жастары.
Құрылтайға 40-тан астам мемлекеттен 350 адам және әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайы 1992 жылы Алматыда, II құрылтайы 2002 жылы Түркістанда өткізілген болатын. Ал одан кейінгі құрылтайлар 2005 және 2011 жылдары елордамыз Астанада өтті.