Басты бет Жаңалықтар Шетелдік қандастарымызды қазақ радиосымен қамтимыз — Дәурен Абаев

Шетелдік қандастарымызды қазақ радиосымен қамтимыз — Дәурен Абаев

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуі кезінде шетелдегі қандастарымызды қазақ тілді радиомен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Фото: Іntalent.pro

«Ең әуелі, біз еліміздегі бірқатар аймақты отандық радиолармен қамтамасыз етіп алуымыз керек. Себебі Қазақстанның бірқатар өңірінде Қазақ радиосы, Шалқар радиосы толық ұстамайды. Осы жылдың соңына дейін сол олқылықтың орнын толтыруымыз керек. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір аудандарында радиолар толқыны дұрыс тартпайды. Сондықтан осы жылдың аяғына дейін Алматы мен Оңстүстік Қазақстан облыстарының мәселесін шешеміз деп ойлаймын», — деді министр.

Сонымен қатар, оның айтуына қарағанда шетелдегі қандастарымыз әзірге радиоларды онлайн тыңдайды.

«Әзірге радиоларды шеттегі қандастарымыз онлайн тыңдайды. Басқаша мүмкін емес. Себебі географиялық жағына да бағынуымыз керек», — деді министр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version