Басты бет Жаңалықтар Атыраулық кәсіпкер тұрмысы төмен екі отбасыны қамқорлығына алды

Атыраулық кәсіпкер тұрмысы төмен екі отбасыны қамқорлығына алды

Атырау облысында шаруа қожалығы және азық-түлік дүкені бар кәсіпкер Мұрат Сарманов тұрмысы төмен екі отбасын жыл аяғына дейін нан, сүт, май және етпен тегін қамтуды ұйғарды. Ол облыс кәсіпкерлерін осындай қайырымдылық іс жасауға шақырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Қызылқоға ауданындағы шаруа қожалығында мал шаруашылығын өркендету ісін қолған Мұрат Сарманов бұл ойын Атырау қаласына қарасты Геолог кенттік округінің әкімі Нұржан Жұмахановтың халық алдындағы есеп беру жиынында мәлім етті. Бұл жиынға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев қатысқан болатын. Кенттің өзге тұрғындары жол, көше жарығы секілді көпті толғандырған мәселелерді көтерді. Өзіне сөз кезегі тиген кәсіпкер жергілікті басшылардан тұрмысы төмен екі отбасының аты-жөнін, мекенжайын беруді сұрады. Ол екі отбасын жыл аяғына дейін бірінші кезекте тұтынатын нан, сүт, май және ет секілді азық-түлікпен қамтуға бекініп отыр.

«Интернеттен адамдардың қоқыс ақтарып жүрген фотосын көрдім. Астына «Дағдарыс басталды» деген пікір жазылыпты. Бұл фото қайда түсірілгенін білмеймін. Бірақ бұлай болмауы тиіс. Біз дәл қазіргі кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз қажет. Облыс кәсіпкерлерін қайырымдылық танытуға шақырамын. Ең болмаса, биыл атсалыңыздар», –деді кәсіпкер Мұрат Сарманов.

6 пікір

  1. Осылай ептеп ептеп бари тузелер баска агаларда улги алып! Мусулман болу асте асте капир болу бир пасте дегендей! Алла баримиздин мейриммен иманымызды артыра берсин!

  2. Керемет .осындай ағаларымыз көп болсын.негізі жоғарыдағы депутат ағаларымызға екі уш отбасына көмектесуге шамалары бар.

  3. Макал бар гой: балык бергенше кармак бер деген. ол жагдайы жок семьяга жумыс тауып бергени дурыс болар еди. айтпесе аузын ашып отырган жалкау адамдар оте коп.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version