Басты бетЖаңалықтарЕлімізде инфляция...

Елімізде инфляция деңгейі төмендеді — Ұлттық банк төрағасы

Ақышевтің мәліметінше, 2017 жылдың алғашқы 5 айында инфляция деңгейі 3,3 пайызды көрсетті. 2016 жылдың қаңтар-мамырында бұл көрсеткіш 4,2 пайыз болған. Ал жылдық инфляция 7,5 пайызға дейін төмендеді.

«Біздің есептеуімізше 2017 жылы инфляция деңгейі төменгі және жоғарғы шектік деңгейден шықпауы тиіс. Яғни 6-8 пайыз аралығында болады. Ал келесі жылы инфляция 6 пайыз немесе одан сәл жоғары деңгейде болады. Бұдан экономикалық өсім қарқынының жылдамдауы кез келген уақытта қалыпты жағдайда болатынын көреміз. Ол әрі қарай да өсе береді. Ал инфляция деңгейі жоғары шектік деңгейден асып кетуі мүмкін. Бірақ, оның ықтималдылығы төмен», — деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.

Дереккөз7kun.kz