Баян Есентаева Ринат Заитовтың сынына қалған топты қорғап шықты

«Бәсекелестерді сыйлау керек, әсіресе олар соған лайықты болса!!! Бәсекелесіңді сыйла, оның жетістіктерін мойында, және әрі қарай өркендей түс!!! Олар сондай жас, сымбатты және дарынды!!! Олар өзгеше, сонысымен тартымды!» — деп жазды продюсер парақшасына.

Айта кетейік, күні кеше Ринат Заитов «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында «Орда» тобының солисі Ерболат Беделхан құрған «Ninety One» тобын сынаған болатын. «Оларды теледидардан көрсетіп отырған адам да — қылмыскер, оларды шығарып отырған адам да — қылмыскер, оларға ән жазып отырғандар да — қылмыскер. Олардың өздері де үлкен қылмыскерлер!» — деп қадап айтты айтыскер.

Дереккөзbaistars.kz