Қаза болған полицей Серік Мұхамеджановтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Мемориалдық тақта Атбасар ауданының Сочинск ауылында ашылып отыр. Салтанатты шараға ІІД кадрлық жұмыс басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Сақыпов, Атбасар аудандық ІІБ жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар және марқұмның туған-туыстары қатысты.

Айта кетейік, полиция лейтенанты Серік Мұхамеджанов 2004 жылдың 2 қарашасында Атбасар ауданының Сочинск ауылында мас болып, қоғамдық тəртіпті бұзғандарды сабасына түсіру кезінде оқ ұшқан болатын.

Кейін қайтыс болуына байланысты Серік Иманғалиұлы ҚР Президентінің Жарлығымен 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталады.