Целиноград ауданында Монтессори кабинеті ашылды-Ақмола облысы

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мəліметі бойынша «Батыр» қоғамдық бірлестігінің жанынан тұлғаны дамыту орталығы жəне «Дара» қорының №11 психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті Ақмол ауылында аудан əкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

Монтессори кабинеті

Шараға аудан әкімі Мəлғаждар Тəткеев, Целиноград ауданының іскер əйелдер қауымдастығының төрайымы Лəззат Қоңырбаева, «Дара» қорының жетекшісі Мəлике Бакиева, сондай-ақ педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.