Басты бетҚыркүйекте Головкинді...

Қыркүйекте Головкинді нокаутқа жіберемін — Сауль Канело Альварес

Баспасөз мәслихатында GGG өзінің Канеломен кездесуін мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің біріне балады.

«Мен өте қобалжып тұрмын. Қыркүйекте біз өзге деңгейдегі  «Big Drama Show» көрсетеміз. Бокс әлемі осы кездесуді асыға күтті. Екеуміз жұдырықтасатынымызға қуаныштымын. Бұл — менің мансабымдағы ең маңызды кездесу. Канелоға сәттілік тілеймін», — деді GGG.

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя болса, боксшы Сауль Альварестің қазақстандықты ұта алатынына сенімді.

«Мен ешқашан ешкімнен қорыққан емеспін. Себебі мен 16 жасымнан бастап кәсіпқойлармен жұдырықтасып жүрмін. Мен туғанда қорқыныш сезімі жоғалған. Осы кездесуде мен өзімнің қуатымды көрсете алатыныма сенімдімін. Головкиннің қаншалықты қауіпті екенін білемін және мен оны құрметтеймін. 16-шы қыркүйекте Генаны нокаутқа жіберемін», — деді Альварес.

ДереккөзProsports.kz