Басты бет Жаңалықтар Бүгін елімізде ҰБТ басталды

Бүгін елімізде ҰБТ басталды

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектердің алғашқы легі тұңғыш рет жаңа форматтағы тестілеуден өтіп жатыр.

Биыл тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Мектеп түлектері ҰБТ-ны 165 өткізу пунктында тапсырады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдірген. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 71%-ын құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 – орыс тілінде тапсырады.

ҰБТ 5 пән бойынша тапсырылады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (20 тапсырмадан, шекті деңгейі – әр пәннен кемінде 5 баллдан) және таңдалған мамандыққа сәйкес 2 бейінді пәннен (30 тапсырмадан, шекті деңгейі 15 баллдан кем болмауы тиіс). 120 тесттік тапсырма бойынша түлек максималды 140 балл алуы мүмкін. Тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт бөлінеді.

ҰБТ 165 тапсыру пунктінің 1431 аудиториясында өткізіледі. Бұл аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ Интернет арқылы онлайн тарату камераларымен жабдықталған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version