Жамбыл облысында апатқа ұшыраған МИ-2 ұшқышы көмек шақыру үшін 5 шақырым жаяу жүрген

МИ-2 тікұшағынан құлаған ұшқыш Валерий Михин көмек шақыру үшін бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған.

МИ-2 тікұшағынан құлаған ұшқыш Валерий Михин көмек шақыру үшін бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен.

23 қаңтарда сағат 20.08-де «112» нөміріне Т. Рысқұлов атындағы аудан тұрғынынан хабарлама келіп түскен, онда ол «Садыхан» қыстағынан 3 шақырым жерде тікұшақтың құлағанын көргенін айтты.Оқиға орнына   Жамбыл облысы Т. Рысқұлов атындағы аудан ТЖ және ішкі істер бөлімдерінің бөлімшелері, «Луговое» медициналық-құтқару пунктінің дәрігерлері, жедел жәрдем бригадасы шұғыл жіберілді.Апат аудан орталығынан 100 шақырым, Тараздан 220 шақырым жерде орын алды. Күн қараңғы, жол жоқ болғандықтан іздеу жұмыстары қиынға соқты.МИ-2 тікұшағы құлаған жерден зардап шеккендер табылмады. Кейіннен екінші дәрежелі күйік алған ұшқышты куәгерлер Тараздың №1 ауруханасына жеткізгені белгілі болды.

Ауру Михин  Валерий  Михайлович Тараз қалалық №2 ауруханаға 24 қаңтарда 11.45 шамасында жеткізілген. Өзінің айтуынша,  23 қаңтарда 18 сағатта тікұшақ апаты кезінде жарақаттанған. Ауада қозғалтқыш өртенген. Жерге қонған соң өз бетімен тікұшақты сөндіре бастаған.Бақташының тұрағына дейін 5 шақырым жаяу жүріп барған. Көмек келген соң №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. №2 ауруханаға 24 қаңтарда жеткізілді», — деп хабарлады басқармадан.

Зардап шегуші бет, бас, екі аяқ-қолының І-ІІ-ІІІ деңгейдегі термикалық күйігімен, ІІ деңгейдегі шокпен, ІІ деңгейдегі тыныс жолдарының күйігімен түскен.

«Жалпы жағдайы ауыр. Есін біледі. 25 қаңтарда 9 сағатта барлық маман шоғырланып тексерді, қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр», — деп атап айтты басқармадан.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды. 

Шымкентте жаңа ипподром ашылды

Бүгін Шымкентте Наурыз қарсаңында жаңа ипподром ашылды. Салтанатты шара еліміздің әр өңірінің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің керуенін күтіп алудан басталды.

Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыcы жарияланды

Алматы аумақтық сайлау комиссиясы Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды.

Қазақстан құрамасы футболдан Данияны жеңді

Қазақстанның футболдан құрама командасы Дания командасын Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу кезінде жеңді.

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

2023 жылғы қаңтардан бері республикалық бюджеттен 549,3 миллиард теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 168,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 380,6 миллиард теңге.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.