Астана ІІД–ныңпаркі су жаңа Қазақстанда жиналған 94 қызметтік көлікпен толықты. Автомобильдер дабылқаққыш -дауыс күшейткіш құралмен, радиостанциямен, видеожазу және өзге де заманауи полиция көліктеріне қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Жаңа көліктер жол-патрульдік полкіне, инспекторларға, ЖПҚ кинологиялық взводына және аудандық кезекші басқармасына, әкімшілік полицияға берілді. Сөзсіз,бұл осы қызметтердің елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жұмыстарын жеделдетеді.
-Қазақстан полициясы күні қарсаңында жаңа қызметтік көліктерге ие болып жатырмыз. Бұл Астана тыныштығын қамтамасыз етуге ЭКСПО кезінде туристерге көмектеседі, олардың арасында қаланы жақсы білмейтіндері де бар. Осында келетін оқушыларды бақылап жүреді, жедел қызметтер атқарады, қылмыскерлерді құрықтайды, отбасылық көмекке шақыртуларға барады. Бұл мемлекеттің полиция қызметінің шеберлігін арттыруға, жеделділігін қамтамсыз етуге жасап жатқан бір ғана қадамы, — дейді Астана қаласы ІІД жол-патрульдік полкі командирінің орынбасары Кенжебек Дүйсебеков.
Елордалық департаменттің жаңа қызметтік көліктермен толығуы – мемлекеттің құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту бағытындағы атқарылатын ауқымды іс-шаралар кешенінің бір бөлігі ғана.
Қалалық әкімдіктің қолдауымен жыл сайын автопарк қызметтік көліктермен толығуда.
Мәселен, өткен жылы елорда ІІД 75 жаңа техника берілген. Бұл шараларполиция қызметінің жұмыс сапасын жақсартады. Бүгінгі таңда елорда полициясының материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қоғамдық тыныштық пен тәртіпті сақтауда өткен жылдан бері квадрокоптерлер пайдалануда.
Бұл республикалық, халықаралық деңгейдегі шараларды өткізу кезінде, жедел іздестіру шараларын, жолдардағы қиын жағдайларда көлік қозғалысын қадағалауға, жұмыстың жылдамдығын қамтамасыз етеді.