Өткен жылы жалпы тұрғын үй құрылысы алаңының физикалық көлем индексі 118%-ды құрады. Осыған дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып келген баспанамен қамтамасыз ету мәселесі осы жылдан бастап «Нұрлы жердің» қарамағына өткен болатын. Дегенмен «Нұрлы жолда» басталған құрылыс, ипотекалық жүйе сол бағдарламада аяқталады.
«Бұл сала бойынша инвестиция көлемі 2015 жылы 740 млрд теңге болса, 2016 жылы 830 млрд теңгеге жетті» — деді ҚР Инвеститция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«Нұрлы жер» бағдарламасы әзірге халықты жаппай баспанамен, жер телімдерімен қамтамасыз етуді ғана көздеп отыр. Сондықтан да болар, жүргізілген реформалар нәтижесінде кәсіпкерлер үшін құрлыс жүргізуге рұқсат алу мерзімі 3 айдан 1 айға дейін қысқарды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің уақытын тиімді пайдалануына, құжат үшін көп уақытын жоғалтпауға тиімді мүмкіндік болды.
Осы көрсеткіштер нәтижесінде 2 жыл ішінде Қазақстан Бүкіләлемдік Банк рейтингісінде 152-орыннан 22-орынға көтерілді.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасы әзірленіп, оның аясында 1,5 млн. тұрғын үй салынатын болады. Ал, 2017 жылы 100 мың тұрғын үй жоспарланып отыр» — дейді министр Жеңіс Қасымбек.