Министр үстіміздегі жылы салықтық тексерулердің 37,5 пайызға қысқаратынын айтады.
«Жаңа Салық кодексі жобасында осы тексерулерге себеп болатын негіздемелердің 56 пайызы алынып тасталады. Сонымен, қазіргі 32 норманың 14-і ғана қалатын болады»,-деді министр.
Енді салықтық тексерулерде горизонтальды мониторинг енгізіледі. Ол сенім, ашықтық және өзара тиімді принциптері бойынша қолданылады. Салықтық әкімшілендірудегі қызметтерді одан әрі ақпараттандыру да осы жұмысқа оң ықпалын тигізеді.
«Қарастырылып жатқан маңызды мәселенің тағы бірі – ол тиімсіз салықтық преференциялардың санын қысқарту. Өздеріңізге белгілі, осы жеңілдіктер бизнеспен көбінесе салық төлеудің мөлшерін азайту үшін ғана қолданылады. Осыған байланысты қосылған құн, корпоративтік табыс салықтары және де жергілікті салықтар бойынша қолданыстағы жеңілдіктер қайтадан қаралады. Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне гуманизация аясында тиісті өзгерістер енгізілу қарастырылуда. Оның ең бастысы – ол әкімшілік айыппұлдың көлемін қысқарту мен жазалаудың орнына ескерту институтын кеңінен қолдану»,-деді Бақыт Сұлтанов.