Шымкенттің көне қалашығындағы соңғы жылдары салынған құрылыстың бәрі сүріліп, орнына қорған-қабырға соғылады. Ол қалашықты қоршап тұрған қорғанға ұқсас болады.
Қорғанды бойлай қолөнершілердің туындылары мен шеберханалар салынады. Ал қорғанның ішінде ашық аспан астындағы нағыз музей болады. Онда сәулетшілер өздерінің қазба жұмыстарын жалғастыра береді.
Сондықтан Әйтеке би көшесі кеңейтіледі. Ал Қонаев даңғылы ескі қалашық арқылы жалғасып, Әйтеке би көшесіне барып қосылатын болады. Құрылыс жұмысы 2018 жылы басталып, 2020 жылға қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Осы қалашықта Шымкент қаласының 2200 жылдығын атап өтіледі.