Басты бет Жаңалықтар Ауа райы: Елімізде алдағы күндерде аяз түседі

Ауа райы: Елімізде алдағы күндерде аяз түседі

Қазақстанда таяу күндері аяз түседі. Ауа температурасы қайтадан төмендеп, қардың жаууы жиілейді. Жылдамдығы секундына 15-25 метрге жететін жел тұрады деп күтілуде.

Фото: Мassaget.kz

Синоптиктердің айтуынша, 26-28 қаңтарда оңтүстік облыстарына Оңтүстік-Каспий циклоны жылжиды. Мұнда жаңбыр жауып, жауын-шашын басталады. Түнде жылымық қар, көктайғақ, тұман, екпіні секундына 25-28 метрге дейін жететін жел болады. 27 және 28 қаңтар күндері қар жауу сақталады және күн суытады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version