Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысы: Медициналық мекемелерге 6 реанимобиль тапсырылды

Ақмола облысы: Медициналық мекемелерге 6 реанимобиль тапсырылды

Ақмола облысында Медицина қызметкерлері күніне орай жергілікті медициналық мекемелерге арнайы қондырғылармен жабдықталған 6 реанимобиль тапсырылды.

Салтанатты шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Кез-келген мемлекетте басты қазынасы- адам, ал, тұрақтылық пен гүлденуі оның денсаулығы. Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесінің басты мақсаты-сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету», деп атап өтті Мәлік Мырзалин.

Шара барысында денсаулық сақтау саласынының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ медицина қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хаты және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version