Көкшетауда 11 донорға төс белгі тапсырылды

«Биыл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен донорларға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі қарастырылып отыр. Осы орайда, адам өмірі үшін араша түсуге әрдайым дайын тұратын донарларға алғыс білдіремін»,деді Ақмола облыстық қан орталығының бас дәрігері Сәкен Қалымжанов.

Қан тапсыру донор

Құрметке лайық болған донорлардың арасында көкшетаулықтар Мақсат Құлжанбеков, Владимир Пруд, Ерден Жантасов, Наталья и Елена Белан, Егор Филиппов, Сансызбай Көлбаев, Дмитрий Панковец, Снежана Милашенко, Сергей Тыщенко, Ляззат Хаметоваларға «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі тапсырылса, Асқар Нұртазин, Дмитрий Тоболько, Олег Каспарян, Николай Колесников, Қайрат Баянов, Галина облыстық қан орталығы бас дәрігерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.