Басты бет Жаңалықтар «Алматы-1» ауданындағы үй неге қисайып қалды?

«Алматы-1» ауданындағы үй неге қисайып қалды?

Алматыда 16 маусымның таңғы уақытында куәгерлер көпқабатты үйдің қисайып қалғанын хабарлады. Үй Түрксіб ауданындағы Чернышевский 17а мекенжайында орналасқан.

Алматы тұрғыны: «Көрші үй қисайып қалды. Шешем кешкі уақытта құтқарушылар мен әкімдіктегілер келгенін айтты. Әзірше жолақ іліп қойды», — деп, сурет пен видео жариялаған.

Ал «Алматы құрылыс үй» ЖШС директоры Болат Әбдіралиев алты қабатты үйдің қисаймағанын айтты.

«Ауыр сылақтан пенопласт жылытқышы бекітілген жерінен тайып кетті, қисайған жоқ, мердігер «Алматы құрылыс үй» ЖШС-мен бірігіп, ақауды жоюға міндеттелді», — деп хабарлады ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version