Алматы тұрғыны: «Көрші үй қисайып қалды. Шешем кешкі уақытта құтқарушылар мен әкімдіктегілер келгенін айтты. Әзірше жолақ іліп қойды», — деп, сурет пен видео жариялаған.
Ал «Алматы құрылыс үй» ЖШС директоры Болат Әбдіралиев алты қабатты үйдің қисаймағанын айтты.
«Ауыр сылақтан пенопласт жылытқышы бекітілген жерінен тайып кетті, қисайған жоқ, мердігер «Алматы құрылыс үй» ЖШС-мен бірігіп, ақауды жоюға міндеттелді», — деп хабарлады ол.