«SAUMED» сауда белгісі экспорттық тауарға айналуы мүмкін

Табиғи бие сүтінің биологиялық құндылығы мен пайдалы қасиеттерін сақтай отыра пастерлеуді және кептіруді «ZollMann Stutenmilch GmbH» неміс компаниясының жаңартпа технологиясы іске асырады. Жоба тек өңдеумен ғана емес, сүтті өндірумен де айналысады. Жылқылар сатып алынып, сауын құрылғылары қондырылды. Іске қосуда қиындықтар туды. Жөндеулер жүргізілді. Қазір зауыт өнім шығаруды бастады.

Бұл — адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам. Емдік қасиеті де бар (иммунитет көтеру, асқазан-ішек, бауыр, ұйқы безі ауруларын емдеу және т.б.). Балаларға да ересектерге де қолдануға болады. Бастаушы жобаның саудалық белгісі «SAUMED» (қазақша жаңа сауған бие сүті — САУМАЛ) деп тіркелді.

Өнім экспорттық саудада сұраныста болғандықтан, болашақта ірі экспорттық тауарлардың біріне және еліміздің бірден-бір ұлттық сауда белгісіне айналуы әбден мүмкін.

Бүгінде елімізде жылқы басының саны 2 миллионға жетті. 100 мың биенің қайта өңделген сүтінің өзі 1 млрд долларды құрайтын өнім бере алады (орташа сауымы 500 литр, 1/10 концентрат шығымы, бағасы 200 $/ кг). Ұлттық сусын қазіргі жағдайда қажетті ірі валюталық түсімге айналуы мүмкін, — деп жазды Асылжан Мамытбеков.

ДереккөзМассагет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Енді мемлекеттік күзет қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін

Мемлекет басшысының мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жарлығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Автокөлікке VIP-нөмірді онлайн таңдауға болады

Былтыр автокөлік иелері шамамен 6 миллиард теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Министрлікке қарасты мекеменің басшылары сотталды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі шығарылды.

Елімізде балаларды қаржы сауатына үйрететін қазақ тіліндегі кітап жарық көрді

Балалар мен ересектерді қаржы сауатына үйрететін "Тиыннан теңге құрайтын бала" кітабы жарық көрді. Бұл еңбек - New York Times-тың "The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who" деген әйгілі бестселлерінің қазақша нұсқасы.

Елімізде демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 3-5 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Елімізде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.