Басты бетЖаңалықтарНеліктен Questra...

Неліктен Questra Holdings қаржы пирамидасынан сақ болу керек?

«Questra Holdings Inc. қаржы пирамидасының қызметі биыл Қазақстанның бірнеше облысында тіркелді, үш дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі осындай деректерді тергеу ұйымдастыру үшін арнайы тергеу тобын құрды, қаржы пирамидаларының әрекетін анықтау мақсатында криминоген жағдайына үздіксіз бақылау жүргізілуде», — деп IIД өкілдері.

Департаменттің ақпаратына сай, қаржы пирамидаларының өкілдері азаматтарға түрлі табысы бар бірнеше жолды ұсынатынын, тіпті байлыққа кенелуге уәде беретінін айтады екен. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар мен оның өкілдері қаражаттың қайда түсіп жатқанын нақты айта алмайды. Бұл әрекеттер көбінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүзеге асатын көрінеді.

Бүгінге дейін Ақмола территориясында тұрғындарды қаржы пирамидасына тарту деректері тіркелмеген, алайда тәртіп сақшылары тұрғындарды алдын ала сақ болуға шақырады.

ДереккөзTengrinews.kz