Басты бет Жаңалықтар Журналистер күніне орай Елордада шағын футболдан турнир өтеді

Журналистер күніне орай Елордада шағын футболдан турнир өтеді

«Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесін тойлау аясында, 24 маусым күні сағат 09.00-де Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда (Кенесары көшесі, 14) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жыл сайынғы шағын футболдан турнир өтеді. Шараға Астана қ. әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы бастамашы болуда.

Көрнекі сурет

Турнир жеңімпаздары кубок, медаль, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Еске салайық, былтыр бірінші орынды «Қазақ радиосы» командасы иеленген болатын, «күмісті» «Хабар» телеарнасы ұтып алса, «Қазақстан» телеарнасы «қоланы» қанағат тұтты.

Турнирге қатысу үшін 7782597@inbox.ru электрондық поштасына өтінім (үлгісі жіберіледі) толтыру қажет. Спорттық шараның тәртібі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Қосымша ақпараттарды: 556706, 87786766131 нөмірлері арқылы білуге болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version