Әлемдік додаға 42 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл сында ерлер 16, ал әйелдер 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
Ерлер арасындағы медальдар жиынтығы еркін және классикалық тәсілде сарапқа салынса, әйелдер арасында тек еркін тәсілде жүлделер сарапқа салынады.
Белбеу күресі — белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін ежелгі күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға, жеңуге тырысады.