«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген пəтерлер «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы рəсімделіп, сатып алу құқығымен 168 адамға жалға берілді.
«Елбасы тапсырмасы бойынша Универсиада мұрасы ретінде бүгін пəтерлерді беріп жатырмыз. Адам үшін баспана мəселесінің маңызы зор. Үйі бар адамдар болашаққа үмітпен қарайды. Бұл 4-санаттағы сапасы жақсы пəтерлер. Бірақ инфрақұрылымы жағынан мүмкіндіктері тамаша», -деді Бауыржан Байбек.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 2017 жылдың соңына дейін 4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Осылайша жыл соңына дейін кезекте тұрған әр төртінші отбасы баспаналы болады. 2017 жылғы мәлімет бойынша, баспана алуға 20 300 адам кезекте тұр.
Айта кетейік, берілген тұрғын үй кешені Универсиада кезінде салынған Атлеттер ауылында орналасқан. 23 га аумақта 14 тұрғын үй бар. Кешен аймағында ХҚКО, емхана, супермаркет, банк, пошта орналасқан.