Басты бетЭкономикаЕлімізде байларға...

Елімізде байларға салынатын салық 40 пайызға өсуі мүмкін

Мәжілісмен шенеуніктер мен ұлттық компания топ-менеджерлерінің, кәсіпкерлердің айлық табысы 1 миллионнан асса, ол мемлекетке 40 пайыз салық төлеуі тиіс екенін айтады. Қазір елімізде табыс салығы бай мен кедейге бірдей — 10 пайыз.  Яғни, тұрғындар арасында теңдік жоқ.

«Салық кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынамын. Табысы жоғары адамдарға және қымбат көлік, зәулім үй сатып алып, оны ашық жариялап жүрген байларға салықты көбірек салу керек. Ал қайырымдылық жасап жүргендерге жеңілдік болуы тиіс».- дейді Мәжіліс депутаты.

Қазір тек құны 1 миллион доллардан асатын баспанасы барлар мен джип мінгендерге салық бірнеше есе жоғары.

ДереккөзKtk.kz