Депутаттар жалғыз басты қарттарды қарақшылардан қорғауды сұрайды

Мәжілісменнің бұндай ұсыныс жасауына Алматыда ұсталған қылмыстық топтың әрекеті түрткі болған. Қарақшылар төрт бірдей қарияны өлтіріп, үйлерін меншіктеп алған. Қылмыстық топ қатарында бұрынғы полицей мен нотариустар да бар.

«Жалғыз басты қарт адамдар мен мүгедектердің мүліктері туралы ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, Ішкі істер министрлігі бұрынғы полицейлерді ұйымдасқан қылмысқа кіруге не итермелегенін анықтауы және ондай шараларды болдырмауға ықпалды шараларды қолдауы, сондай-ақ, жеке құрам арасында тәрбие жұмыстарын күшейтуі тиіс».-дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман.

ДереккөзAstanatv.kz