Басты бетФлойд Мейвезер...

Флойд Мейвезер Конор МакГрегормен кездесу үшін шаршы алаңға оралды

Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер Конор МакГрегормен кездесу үшін қаржы мәселесінің шешілуін күтпек емес. Ол жекпе-жекті маусым айына қойса да, дайын екенін айтты.

«Мен Артуро Гаттимен кездескен кезде оның ережесімен ойнадым. Ол «А» жағы болcа, мен «Б» болдым. Оны жеңгенде жыламадым, шағымданбадым да. Оскар Де Ла Хойамен кездескенде мен «А» жағы, ол «Б» жағы болды. Оны да жеңдім. Жыламадым да, шағымданбадым. Енді демалысымды Конор МакГрегормен кездесу үшін аяқтаймын. UFC мен ақша туралы сылтауларды естігім келмейді. Менімен маусымда кездесу үшін UFC-мен келісім жаса»,- деді кіші Мейвезер FightHype.com-ға берген сұхбатында.

Мейвезер мен МакГрегордың кездесетіні туралы сыбыстың шыққанына көп болды. Алайда, олар гонорар мөлшеріне келісе алмағандықтан, әлі күнге дейін жекпе-жек өткізбей келеді. 39 жасар Мейвезер МакГрегорға 15 млн доллар мен ақылы трансляциядан түсетін табыстың бірнеше процентін ұсынған болатын. МакГрегор болса, 100 млн доллар талап еткен еді.

Кіші Флойд Мейвезер осы күнге дейін 49 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 26-сы нокаутпен аяқталған. Бес салмақ бойынша Әлем чемпионы 2015 жылдың күзінде мансабын аяқтаған еді.

ДереккөзGazeta.ru