Басты бет Жаңалықтар Денис Тен: Бүкіл Қазақстанды қамтитын мұз шоуын өткізуді армандаймын

Денис Тен: Бүкіл Қазақстанды қамтитын мұз шоуын өткізуді армандаймын

Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен бүкіл Қазақстанды қамтитын мұз шоуын өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы қазақстандық спортшы «Periscope» әлеуметтік желісінде тікелей трансляция жүргізу кезінде мәлім етті.

«Мен Қазақстанның басқа қалаларында ықыласпен шоу өткізер едім, — деді ол. — Оны ұйымдастырудың өзі еңбекті көп қажет ететін өте қиын жұмыс. Оған менің уақытым да болмай тұр. Менің арманым — Қазақстанды көрсету, елдегі мәнерлеп сырғанауды көрсету, соған сәйкес ұзақмерзімді келешекте мен бүкіл елде тур өткізгім келеді, сондықтан оны уақыт көрсетеді».

Еске сала кетейік, әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының қатысуымен алғаш рет «Денис және достары» мұз шоуы 2013 жылы Астанада және Алматыда өткен болатын. Онда өнер көрсетулер музыкамен көркемделді, шоудың соңында оған қатысушылар қазақ ұлттық киімдерін киіп, бірге сырғанақ тепті.

Келесі шоудың мән-жайы туралы Денис Тен маңызды жарыстардан кейін айтып қалуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version