Басты бетЖаңалықтарБайқоңырдан ұшырылған...

Байқоңырдан ұшырылған зымыранның бөлшегі Жезқазғанға құлады

«Байқоңырдан» ұшырылған «Союз-2.1а» зымыранының бөлшегінің құлауынан Жезқазғандағы Талап ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде өрт шыққан. Өрттің аумағы 15 шақырымға созылған.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің кезекші күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге барлығы 61 адам мен 22 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар комитетінің xабарлауынша, өрт салдарынан 1964 жылы туған ер адам қаза тауып, 1968 жылы туған азамат ауруханаға жатқызылған. Олар зымыраннан
бөлінетін бөлшектерді жинап жүрген жұмысшылар.

14 маусым күні кешке басталған өрт түнгі 03.31-де сөндірілген. Ведомство мессенджерлерде таратылған улы бөлшектер туралы ақпаратты жоққа шығарды, зымыранның құлаған бөліктерінің құрамында гептил жоқ екен.

ДереккөзSputniknews.kz