Басты бет Жаңалықтар Алматыда 413 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Алматыда 413 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

Биыл Алматыда орта білім туралы аттестатты 7 263 мектеп түлегі алса, олардың 413-і «Алтын белгіге», 627-і үздік аттестатқа қол жеткізді.

Көрнекі сурет

6 720 оқушы ҰБТ-ға қатысуға құқылы екендіктерін дәлелдеді. Алматылық оқушылар 12 жыл қатарынан республикалық олимпиадада бірінші командалық орынды иеленіп келеді. Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында 15-ші рет жеңімпаз атанса, математика, физика, химия және биология пәндерінен 11-ші сынып оқушылары арасында өткен Президенттің олимпиадасында биыл төртінші рет үздік деп танылды.

Алматылық оқушылар тек 2017 жылдың өзінде ғана 59 алтын, 75 күміс, 90 қола медальді иеленді.

Атап өтерлік жайт, Алматыда тек соңғы 5 жыл ішінде білім саласын қаржыландыру 15 млрд теңгеге өсіп, 62,7 млрд теңгеге жетті. Қалада 88 жаңа білім нысаны мен мектеп жанынан қосалқы нысандар салынған. Олардың барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Еске салайық, 2016 жылы 254 түлек «Алтын белгі» алған еді. Өткен жылы орта білім жөніндегі атестатты 6810 түлек иеленді, олардың 300-і мектепті үздік бітірді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version