Басты бет Жаңалықтар Қазақстандағы кедейлік деңгейі анықталды

Қазақстандағы кедейлік деңгейі анықталды

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2017 жылдың I тоқсанында 2,6% құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғарылады.

көрнекі сурет

2017 жылдың I тоқсанында кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Оңтүстік Қазақстан (4,8%) және Жамбыл (3,8%) облыстарында, ал ең аз көрсеткіші Астана (0,8%) мен Алматы (0,9%) қалаларында тіркелді.

Отбасылық тұтыну шығыстарының деңгейі олардың материалдық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Мысалы отбасындағы шығыс децильдік бөлу кезінде отбасылық кіріс сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді.

Сонымен, Қазақстанда 2017 жылдың I тоқсанында азық-түлік тауарларына жұмсаған шығын 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген отбасылар арасындағы айырмашылық 4,3 есені, азық-түліктен басқа тауарларға – 7,3 есені, ал ақылы қызметтерге – 8,0 есені құрады.

Статистика комитетінің мәлметіне сай, қала және ауыл халқының арасындағы кедейлік деңгейі мен арадағы айырмашылық бұрынғыдай сақталып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version