Еске сала кетейік, Алмасбек Атамбаев журналистерге берген сұхбатында «Егер де осынша ақша жұмсасам, мені тірідей өртеп жіберуі мүмкін. Ал Қазақстанда халық билікті қолдайды. Шынымды айтсам, қызғанып тұрмын!», — деді. Бұл мәлімдемеге қатысты Ахметжан Есімовтің пікірін сұрағанымызда: «Қырғыздар өз президентіне не істейтінін білмеймін. Бірақ Елбасының кез-келген бастамасын халық қолдайды. Оған мен айналысып жатқан жоба да кіреді.
EXPO нысандарының құрылысына 3 млрд доллар емес (Бұл соманы А.Атамбаевтың айтқан болатын), 1,3 млрд доллар жұмсалды. Өздеріңіз көргендей, бұл нысандар өте сапалы салынған. Отандастарымыз әлі ұзақ уақыт пайдаланады. Қаланың көрікті жеріне айналады. Оның үстіне кеткен шығынды қайтаруға болады. Қазірдің өзінде демеуші, билет сатылымы, нысандардың жалға берілуі, жарнама, көлік тұрағынан түскен ақша 70 миллиард теңгені (220 млн доллар) құрайды. Сол себепті Атамбаев мырзаның біздің көрмеге қатысты дерегі нақты емес»,- деді.
Үндемей жата бермей, Есімов мырзаның сөз қайтарғаны дұрыс болған екен. Атамбаев нақты мәліметтерге сүйеніп айтуы қажет етеді.
Иа, бұл ақапарат өте маңызды ақапарат деп білеміз. Халық білуі тиіс мәлімет.
ешқандай да дөрекіліксіз, өте орынды жауап беріпті біздің азамат!
міне мәдениетті түрде жауап беріп, сабырлылық пен ұстамдылықтың көрінісін көрсетіпті, орынды өте!
Нағыз басшылыққа тән өасиеттердің бірі. Шынайылыққа келісетін хабарлама.
шынымен, қазір әлемге танытып, абыройымызды асқақтатамыз, ал болашақта бұл ғимараттар өте көп қажетімізге жарайтын болады!
Шыны керек. Ұажет қажетсіз дүние жоқ. Оның үстіне ғимарттар өз қаржысын өтер.
менімше ол кісінің сөзіне мән бермеген дұрыс, алжиын деген ғой…
Дұрыс екен. Қацтары бар ақша екен. Оған несін дүрлігеміз. Әлі талай туристер келеді да.
Міне, енді түсінікті болды, қанша қаржы жұмсалғаны. Әйтпесе, әркім әр түрлі айтып жүр ел ішінде.