Ұзындығы 22,4 шақырымдық жеңіл рельсті көлік жүйесі алғашқы кезекте төрт негізгі хабты байланыстырады. Олар: Астана халықаралық әуежайы, Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің нысандары, Абу-Даби Плаза кешені және «Нұрлы жол» жаңа темір жол вокзалы. Аталған бағыт Қабанбай батыр даңғылы, Шәмші Қалдаяқов, Сығанақ көшелерімен жүреді. Жоба Сығанақ және Шәмші Қалдаяқов көшелерінің құрылымын жеңіл рельсті көлік түріне сәйестендіруді талап етеді.
Жеңіл рельсті көлік жүйесі- Эстакадада LRT жолымен жүретін, өзге де көлік жолдарымен тоқайласпайтын қоғамдық көліктің ең қауіпсіз түрі. Көліктің орташа жылдамдығы сағатына 41 шақырым, қатты жылдамдығы сағатына 80 шақырым. Әр көлік құрамының ұзындығы 60 метр, ені 2,8 метр, сыйымдылығы 570 адам. Жол ақысы тариф саясатына сай белгіленетін болады.