Ішкі істер министрінің айтуынша, “Жол полициясы туралы” заңда адамдарды жолда тоқтатып, xаттама толтырған жол полицейін камераға түсіруге болады.
Ал, Азаматтық кодекске сәйкес, кез келген адам өзінің суретінің басқа бір жерлерде таралуын қаламаса, оны түсіруге тыйым салынады. Бұл заңмен қудаланады. Сондай-ақ, өз ісімен айналысып жүрген, яғни оқиға орнын тексеріп, тергеу жүргізіп жүрген полицейді камераға түсіру де заңсыз.