Басты бетНеліктен қара...

Неліктен қара шайды күнделікті ішу керек?

  1. Шайдың құрамында біздің жасушаларымызды қоршаған ортадан келетін зияннан корғайтын көп антиоксиданттар бар. Қара шайды жиі ішетін адамдар мезгілінен бұрын қартаюдың алдын алады. Сондай-ақ бұл шайдың инсульттың болу қаупін азайтатын қасиеті бар.
  2. Күнделікті қара шай ішу арқылы біз сүйегіміздің қатаюына, мығым болуына жәрдемдеседі екенбіз. Қытай ғалымдарының зерттеуіне сай, 5-7 жыл бойы күніне  бір кесе болсын шай ішкен адамдардың сүйегі мықты екендігі анықталған.
  3. Қара шай қан тамырларының жұмысын жақсартады. Көп қозғалыс жасамау және азқазанға ауыр тағамдарды жиі жеу, ағзадағы қанның ұюына алып келеді. Қара шайдың құрамында қан тамырларының жұмысына жәрдемдесетін ерекше заттар бар. Олар қан айналымын ретке келтіріп отырады.
  4. Шай шөлді тез қандырады. Сондай-ақ оның құрамындағы кофеин таңертең ұйқының тез ашылып, күні бойы сергек жүруге көмектеседі.

Шайға қосымша қоспалар қосып, оның пайдалылығын арттыруға болады. Мысалы, жалбыз қосып, жүйке жүйесінің реттелуіне, жебіршөп қосып, оптимизмді арттыруға, бөрітарақ (гибискус) қосылған қара шаймен иммунитетті көтеруге және итмұрын қосып, бойдағы энергияны көбейтуге болады.