Басты бет Жаңалықтар ЭКСПО кешенінің құрылысы ғарыштан түсірілді (Видео)

ЭКСПО кешенінің құрылысы ғарыштан түсірілді (Видео)

Қазақстандық KazEOSat-1 ғарыш аппараты мен "Плеяды" француз компаниясының Airbus Defense and Space аппараты ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінен ғарыштағы кадрлар алды.

Ғарыш аппараттары 2015-2017 жылдар аралығындағы құрылыс барысын түсірген. Осы уақыт бойы 21 сурет жасалған екен. («Плеяды» аппаратымен — 14 сурет, «KazEOSat-1» аппаратымен — 7 сурет).

Екі елдің мамандары біріге отырып, суреттердің мағынасы ашатын видеоролик жасаған. Видеороликте Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің құрылысы қалай жүргізілгенін көруге болады.

Еске сала кетейік, KazEOSat-1 — алғашқы қазақстандық спутник. Ол 2014 жылдың 30 сәуірінде Куру ғарыш айлағынан ұшырылды.

5 пікір

  1. Өте керемет көрініс болыпты. Қажырлы еңбексіз ЭКСПО қалашығын тұрғызу мүмкін емес

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version